Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXXVI сессиясы

Жетісу облыстық мәслихатының
кезекті XXXVI сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Жетісу облыстық мәслихаты Регламентінің 12-тармағына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XXXVI сессиясының күн тәртібі келесі редакцияда бекітілсін: 

  1. Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 33-202 «2026-2028 жылдарға арналған Жетісу облысының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Жетісу облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы есебін бекіту туралы.
  3. Жетісу облысының «толық бітіріп берілетін» құрылыс объектілердің тізбесін бекіту туралы.
  4. Жетісу облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 33-200 «Жетісу облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Жетісу облыстық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
  6. Жетісу облысының құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
  7. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 тамыздағы «Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» № 8-20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Облыстық мәслихаттың төрағасы                                  Г.Тойлыбаева

Дата публикации
20 апреля 2026