Меню

Мәслихат туралы
Құжаттар
Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жетісу облыстық мәслихатының тарихы

    

Көпшілік білетін болар, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігін жария етті. Ал, 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционизмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның Кеңес Одағынан кейінгі алғашқы Конституциясы қабылданды. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.

Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Ата Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді. Бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады. Өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай барабар шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғары Кеңестің тұрақты негізде істеген жекеленген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Осы жағдай республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқтырды.

1993 жылғы еліміздің Ата Заңы қабылданып жаңа тәуелсіз, егемен мемлекеттің сапалық тұрғыдан жаңа аяққа тұру кезеңі басталды. Осы жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың құрамын және атауларын өзгерткен «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қаладан және қаладағы ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан), ауылдық (селолық) округтен басқасы) аумағындағы халықтың өкілді органы Мәслихат – Депутаттары жиналысы болып негізделді.

1994 жылдың 7 наурызында елімізде Қазақстанның саяси көзқарасындағы жаңа толқынды танытқан жергілікті өкілді билік органдары – мәслихаттарға алғашқы сайлау өтті. Ол елдегі бәсекеге қабілетті алғашқы сайлау болып, қоғамда демократияландыру үрдістерін жеделдетті. Мәслихаттар нақты заң шеңберінде жергілікті халықтың еркіндігі мен ерікті іс-әрекет етуін қамтитын мемлекеттік органдардың өкілеті ретінде функцияларға ие болды.

Шын мәнінде бұл сайлау Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресіне енді және мемлекетіміздің алғашқы кәсіби парламенті мен жергілікті мәслихаттарының құрамын айқындап берді. Ел өміріндегі түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға қарамастан қазақстандықтар үлкен ұйымшылдық танытып, өздерінің азаматтық борыштарын адал орындады. Демократияның лебі мен жаңалығы мол бұл сайлау республика жұртшылығының прогресс пен алға жылжу үшін одан әрі ынтымақтастыққа түсуге деген ұмтылысының тағы бір көрінісіне айналды. Халық саяси науқанды өткізу барысында ұйымшылдық пен біліктілік, айқын позициясын танытты. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлауы 43 сайлау округінде өтіп, онда 73 кандидат сайлауға түсті. Дауыс беруге 336 мыңнан астам сайлаушы немесе тізімге енгізілген 84,2 пайыз қатысты. Сол сәтте қоғамдық бірлестіктер биліктің жаңа өкілді органдарын қалыптастыруында белсенділік танытты. Мәселен, депутаттар "Қазақстан Халық бірлігі" Одағынан, "Азат" азаматтық қозғалысынан, Әлеуметтік партиясынан, облыстың кәсіподақтарынан, корей мәдени орталығынан сайланды.

Талдықорған облысы бойынша облыстық мәслихатқа 43 депутат сайланып, депутаттық корпустың алғашқы құрамына келесі халық таңдаулылары енді: А.Зияданов, Е.Далбағаев, Б.Абдрасилова, В.Зубенко, К.Беркалиев, Т.Искаков, С. Кенесов, Г. Цымбалист, М.Ауельбекова, М.Сейдахметов, Г.Карибаев, С.Подольский, С.Шаукинов, К.Игиликова, М.Хасенов, Б.Шенгелбаев, Т.Абдуалиев, Б.Бескалиев, Ж.Исмазов, Т.Абдрешов, Н.Сауранбаев, Т.Керимкулов, М.Балгабаев, Н.Кривенцов, О.Даутов, В.Непейпиво, Т.Нұрланов, Т.Мусапиров, Н.Мурашкин, Т.Тарыбаев, А.Бабичев, Н.Айтбаев, Л.Михно, К.Мукашев, К.Шамшидинова, А.Водянов, Е.Садыков, В.Еремкин, Н.Алешина, Б.Тәкенов, С.Сорокина, А.Щукин, О.Тен.

Сол жылдары әртүрлі себептермен шығып қалған депутаттардың орнына келесі халық қалаулары сайланды М.Е. Есімов, Б.Ж. Смайлов, Д.К. Канапьянов,  О. Дәуіров, К.І. Жеренбаева. 

Депутаттардың 21 пайызы әйелдер еді.

І шақырылған облыстық мәслихаттың депутаттар жиналысының бірінші ұйымдастыру сессиясы 1994 жылғы 29 наурызда өтті. Сессия жұмысына облыстық әкімшілік басшысы Серік Ақымбеков және Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер кабинетінің бас инспекторы Нұрлан Омаров қатысты. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес бірінші сессияны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы ашты. Сол кезде сайлау науқаны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" түбегейлі жаңа Кодекстің қолданылу жағдайында өтті. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың барлық қиындықтарына қарамастан, сайлау демократиялық негізде сайлаушылардың кең белсенділігімен өтті.

Сессияның күн тәртібінде хатшыны сайлау, тұрақты комиссияларды, тексеру комиссиясын құру және сайлау, екінші сессияның төрағасын сайлау туралы мәселелер енгізілді. І.Жансүгіров сайлау округінен сайланған депутат Егеубек Даданбекұлы Далбағаев облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына  депутат Тұрсын Әбдірешовтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдап, дауыс берді. Осылайша, № 21 Көктал сайлау округінен сайланған депутат Әбдірешов Тұрсын облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды.

Сондай-ақ сессияда келесі тұрақты комиссиялар құрылды: Экономикалық реформа, экология, қаржы және бюджет мәселелері бойынша, төрағасы Анатолии Николаевич Водянов; Әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, төрағасы Егеубек Даданбекұлы Далбағаев және Заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері бойынша, төрағасы Қадыралы Мұқашев. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының құрамына 11 депутат енгізіліп, төраға болып Сатыбалды Иманалиұлы Кенесов және кезекті екінші сессиясының төрағасы болып №16 Көксу сайлау округінен сайланған депутат Мұрат Хасенов сайланды.

Құрылған облыстық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясы өңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуына қатысты нақты мәселелер қою, жергілікті жерлерде туындаған көкейкесті мәселелердің шешілуіне бағытталған іс шаралар-жоспарларын бекіту, мәслихат шешімдерінің, бекітілген бағдарламалық құжаттардың орындалуы жөнінде жергілікті атқарушы органдардың есептерін мәслихат сессияларында тыңдау тәжірибесін қолданысқа енгізу арқылы өздеріне жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуына белсенді кірісіп кетті.

1994-1997 жылдар аралығында 14 сессия өткізіліп келесі мәселелер қаралды: облыстық мәслихаттың-Депутаттар жиналысының регламентін, мәслихаттың Грамотасы туралы Ережесін, мәслихаттың 1994 жылға қызметін қамтамасыз ететін шығындарын жалпы сомасын бекіту, халыққа медициналық қызмет көрсетудің және дәрілермен қамтамасыз етудің жайы мен оларды жақсартудың шаралары туралы, 1993 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту, облыстың 1994 жылға арналған нақтыланған бюджетті және облыстық бюджеттің 1994 жылдың бірінші жартыжылдығында орындалу барысы туралы, Талдықорған облысының халықаралық экономикалық экспериментке көшу, мәслихаттың үйлестіру кеңесін құру туралы, облыстық төтенше індеттерге қарсы күрес комиссиясын және ол туралы Ережесін бекіту. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияларды құру, аудандық, қалалық халық соттарының халық судьяларын сайлау, Халық судьясын қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беру, Талдықорған облыстық соттың халық заседательдерін сайлау, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алудың және жекешендірілудің жайы туралы, Талдықорған облысы елді мекендерінің аумақтарына құрылыс салу Ережесін бекіту туралы, Талдықорған қалалық халық сотының Төрағалығы қызметінен босату туралы, Қазақ Республикасының Конституциясының жобасы туралы, облыс салық инспекцияларының жұмысы туралы, Облыстың басқару жүйесі туралы, облыстағы экологиялық ахуалдың және табиғат қорғау жұмысының жайы туралы, жергілікті маңыздағы жолдарының тізбесін бекіту туралы, Талдықорған облысының Бөрлітөбе ауданының тарату туралы, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы. 

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселеге тоқтасақ, ол сол кездегі облыстың денсаулық сақтау ұйымдарындағы экономикалық қиындықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығын сақтау туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 қарашадағы №1174 «Медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері» қаулысының негізінде медициналық сақтандыруды кезең-кезенімен енгізу мақсатында облыстық қор құрылып, оған сақтандырушы міндеті жүктелді. Осыған орай, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бағдарламасы, медициналық сақтандыру кезінде көрсетілетін медициналық жәрдемнің кепілді базалық бағдарламасы, сақтандыру қоры туралы ереже бекітілді. 1995 жылдың І тоқсанына әр жұмыс адамына шаққанда сақтаныру төлемі 200 теңге болып тағайындалып, алдағы уақытта ол төлем инфляция коэффицентіне байланысты ғана өзгертілетіні туралы бекітілді. Бастапқыда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу Талдықорған, Текелі қалалары және Талдықорған ауданының медициналық мекемелерінің базасында облыстық мәслихаттың қаулысы шыққан күннен бастап, ал қалған өңірлерде олардың дайындығына қарай жүргізіле бастады.

Сол кезде «Қазақ КСР-ң сот құрылысы туралы» Заңына сәйкес мәслихат депутаттары халық судьяларын сайлайтын. Аудандық, қалалық халық соттарының халық судьялары мен әкімшілік және атқарушылық өндіріс судьяларының кандидатураларын облыстық әділет басқармасының бастығы ұсынатын. 

Халық судьясын қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беру мәселесі бойынша мәслихатқа облыстық прокурор халық судьясын қылмыстық жауапкершілікке тартуға және қамауға алуға келісім беру туралы ұсыныс жолдайды. Сессияда қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы мәселе кінәлі және айыпталушының қатысуымен қаралады.

Жергілікті өкілді органдарының бірінші шақырылым депутаттары жұмыс істеген уақыт егемендік жарияланғанымен еліміз есін енді жинап келе жатқан тоқырау кезеңі еді. Сол уақытта өндірістер тоқтап, қаржының жетіспеушілігіне байланысты білім, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының жұмысында көптеген қиындық туындап, жалпы халық тіршілігі ауырлаған еді. Облыс мәслихатының сол кездегі басты міндеті – облыс бюджетіндегі көлемі шектеулі қаржының мейлінше тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайының одан әрі төмендеуіне жол бермеу, жергілікті жерлерде орын алып отырған көптеген проблемаларды қолдан келгенше шешуге тырысу болды.

1997 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы" №3466 Жарлығымен Алматы облысының шекаралары оның құрамына Талдықорған облысының аумағын қосу арқылы өзгертіліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер жағдайындағы жергiлiктi өкiлдi органдар жүйесi туралы" N130 Конституциялық Заңына сәйкес бұрынғы Талдықорған облыстық мәслихатының депутаттары өз өкілеттіктерін сақтап қалып Алматы облыстық мәслихат депутаттары корпусының құрамына енгізілді.

1999 жылдың 10 қазанда ІІ шақырылған Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. 44 депутаттық мандатқа 80-нен астам кандидат тіркелді. Сайлау науқаны барысында, сайлаудың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес өтуін депутаттыққа кандидаттар, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар тарапынан облыс бойынша 3,5 мыңдай бақылаушы назарда ұстады. Сайлау нәтижелерінде облыстық мәслихаттың II шақырылымына 44 депутат сайланды. Мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиясында депутаттардың арасынан ашық дауыс беру арқылы көпшiлiк дауысымен облыстық мәслихаттың хатшысы болып Қуаныш Құрмашев сайланды.

Талдықорған өңірінен келесі депутаттар енді: Ж.Егінбаев, А. Зияданов, А.Иманбаев, Г.Костина, С.Мукашев, Т.Керімқұлов, Р.Тохтахунов, О.Төлепбеков, Т.Оспанов С.Чурегеев, М.Хасенов,  Л.Пятигорский, С.Саткенбаева, А.Смыков.

Осы кезеңде облыстың өкілді органымен қаралған мәселелер ауқымы сапалы түрде өзгергенін атап өткен абзал. ІІ шақырылымдағы депутаттық корпус жергілікті атқарушы органдардың ұсынымы бойынша салық салу және бағдарламалық құжаттарды бекіту мәселелеріне бірітіндеп ауыса бастады, нақты осы мерзімде алғашқы рет облыс бюджетіне жеке төлемдер бойынша ставкалар, арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкалар, орманды пайдалану үшін төлем ақы мөлшері, облыстағы шаруа қожалықтарын қолдау және дамыту бағдарламасы, облыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту кешенді бағдарламасы, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, шағын кәсіпкерлікті дамытудың іс-шаралар жоспары және өзге де Жетісу өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуында зор маңызды рөл атқарған құжаттар бекітілді.

Сол бір кезеңде 2001 жылғы 14 сәуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» №585 Жарлығына сәйкес Талдықорған қаласы - облыс орталығы статусына ие болып, осы жағдай облыстың одан әрі қарқынды дамуына үлкен серпін берді. Осы уақытта облыстық мәслихат депутаттары Талдықорған өңіріндегі тоқырап тұрған өндірістердің қайта жұмыс істеуіне, қаланың инфрақұрылымының жаңартылуына, жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлердің салынуына елеулі көңіл бөлді. Жалпы айтқанда ІІ шақырылған облыстық мәслихаттың депутаттық корпусымен қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен жергілікті билік органдары арасындағы өзара тиімді диалогты нығайтуға бағытталған жұмыс дәйектілікпен жалғастырылғандығын және 2001 жылғы 1 қарашада басқа қызметке ауысып кеткен Қ.Құрмашевтың орнына 2002 жылғы 1 қаңтарда Е.Жүнісбеков сайланып облыстық мәслихаттың жұмысын өз денгейдегі ұйымдастыра білді.

2003 жылғы 20 қыркүйекте ІІІ шақырылған Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Бұл сайлаудың ерекшелігі сонда, ІІ шақырылымдағы сайлауға қарағанда сайлаушылардың белсенділігі едәуір артып, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар әрбір учаскелік, округтік, аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарына өздерінің өкілдерін ұсыну мүмкіндігіне қол жеткізіп оны тиімді пайдалана білді. Осы сайлау кезеңінде «Нұр Отан», «Ауыл» «Ақ жол» партиялары белсенділік танытып нәтижесінде 44 депутаттық мандатқа жүзден астам үміткер тіркелді. Сайлау науқаны саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және депутаттыққа үміткерлердің көптеген байқаушыларының жіті қадағалауымен өтті. Сайлау нәтижелерінде ІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың құрамына Талдықорған өңірінен А.Бабичев, Ж.Егінбаев,  Х.Баяділов, А.Бурахан, В.Горпинич, Қ.Дүйсебаев, Т.Искаков, А.Зияданов, С.Касымов,  М. Касымов, Т.Оспанов, А.Сидехменов, В.Сапожников, Р.Тохтахунов, В.Хильниченко, М.Хасенов, С.Чурегеев енді.

І ұйымдастыру сессиясында облыстық мәслихаттың хатшылығына облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып жүрген және халыққа белгілі қоғам қайраткері ретінде танымал депутат А.Сыдық сайланды.

2007 жылғы 18 тамызда ІV шақырылған Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді. 44 депутаттық мандатқа 117 кандидат тіркеліп, орта есеппен 1 орынға 2,52 адамнан келді. Осы сайлауға саяси партиялар және қоғамдық, ұйымдар ерекше белсенділікпен қатысып, байқаушы болып қатысқандардың саны өткен кезекті сайлауға қарағанда еселеп өсті.

Сайлау нәтижелерінде ІV шақырылған облыстық мәслихаттың құрамына өз аймағында халық арасында жоғары интеллектуалды және мінсіз адамгершілік имиджі бар, өз ісін білетін, халықтың сұраныстарына аса жауапкершілікпен қарайтын және оның құқықтарын қорғайтын, халықтың өмір сүру жағдайлары мен сапасын жақсартуға ұмтылатын халық қалаулары сайланды. Халық пен билік арасында көпір болғандар сапында А.Атанов, А.Бабичев, Қ.Нүсіпов Б.Баймуханбетов, В.Горпинич, К.Донсебаев, Ж.Егінбаев, А.Зияданов, С.Зульярова, Т.Искаков, В.Хильниченко, С.Чурегеев, М.Қасымов, Т.Сарпеков, Т.Оспанов, А.Сидехменов, Н.Абдрахмановтар бар еді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы болып өткен үшінші шақырылымда облыстық мәслихат хатшысының өкілеттіктерін абыроймен атқарған депутат А.Сыдық бірауыздан қайта сайланды. Бұл мінсіз еңбегі үшін оған депутаттардың білдірген ерекше сенімінің белгісі болғаны сөзсіз. Осы құрамдағы облыстық мәслихатпен атқарылған нәтижелі еңбектің арқасында, бірқатар түрлі бағыттағы маңызы зор бағдарламалық құжат бектіліп, өңірде жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/105 Қаулысына сәйкес 2012 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы шешім шығарылды. Нәтижесінде  V шақырылған Алматы облыстық мәслихаттың құрамына 44 депутат сайланды. Сайлау науқаны барысында 1 депутаттық мандатқа 2,7 адам үміткерден келді. Облыс бойынша мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына сайлаушылардың келуі 92,6 пайызды құрады, бұл сайлаушылардың жоғары азаматтық белсенділігін тағы да көрсетті.

Шыны керек, бұл сайлауда тұрғындардың проблемалық мәселелердің шешу жолдарында аянбай жұмыс істейтін, сайлаушылар мен атқарушы органның арасында алтын көпір болатын адамдар сайланды. Саяси науқанда тәуелсіз бақылаушылар және партиялардың және кандидаттардың бақылаушылары болды. Талдықорған өңірінен келесі мәслихат депутаттары сайланды:  Б.Атайбеков, М.Аубакиров, С.Бескемпіров, Қ.Дөнсебаев, Ж.Егінбаев, Е.Келемсеиіт, С.Кикимов, Т.Қасымбекова, Қ.Қожабеков, Ж.Құлахметова, Ж.Мейрембаев, Қ.Нүсіпов, В.Сапожников, Т.Сарпеков, Т.Жапарқұл, Т.Оспанов, В.Хильниченко.

Бірінші ұйымдастыру сессиясында мәслихаттың хатшысы болып депутаттардың арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен Серікжан Бескемпіров сайланды. 2012 жылғы 20 маусымда С.Бескемпіров облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты, депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Осыған орай №28 Текелі сайлау округі бойынша қайтадан жүргізілген сайлау нәтижелерінде 2012 жылы 28 қазанда облыстық мәслихаттың депутаты болып Ермек Келемсейіт сайланды. Осы жылдың 14 қарашасында облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық мәслихатты басқару жұмысын Е.Келемсеиітке сеніп тапсырды.

2016 жылғы 20 қаңтардағы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 3/82 қаулысына сәйкес, 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын өткізу туралы шешім шықты, яғни VІ шақырылған Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Науқан барысында бір депутаттық мандатқа 3 адам үміткерден тіркелді. Сайлау нәтижелері бойынша 44 депутат сайланып, Талдықорған өңірінен А.Алпысбаев, М.Аубакиров, Б.Байтаев, О.Богданова, Қ.Дөңсебаев, Р.Ибраймова, З.Кузиев, Қ.Қожабеков, Ж.Құлахметова, М.Мальтекбасов, С.Мұқанов, Қ.Нүсіпов, Т.Сарпеков, С.Шеңгелбаев, В.Хильниченко депутат атанып, қызметтеріне кірісті.

Бірінші ұйымдастыру сессия барысында облыстық мәслихатының хатшысы болып №33 Кербұлақ сайлау округінен депутат Серік Мұқанов сайланды.

2017 жылғы 29 наурызда С.Мұқанов басқа қызметке ауысуына байланысты, облыстық мәслихатының хатшысы болып №15 Райымбек сайлау округінен депутат Сұлтан Дүйсембінов сайланды.

2020 жылғы 21 қазандағы  Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» № 29/334 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өткізу туралы шешім шықты. Нәтижесінде VІІ шақырылған  Алматы облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілді.

Сайлауда мәслихат депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша, яғни партиялық тізімдер бойынша Өзін-өзі ұсынушылардың қатысуынсыз сайланды. Сайлау қорытындысы бойынша мандаттарды бөлуге бес партия қатысты. Саяси науқанда Қазақстан Халық партиясынан 6 кандидат, "Nur Otan" партиясынан 90 кандидат, "ADAl" партиясынан 5 кандидат, "Ауыл" ХДП партиясынан 6 кандидат, "Ақ жол" демократиялық партиясынан 5 кандидат додаға қатысты. 1 орынға орта бәсекелестік -2,5 адамды құрады. Дауыс беру күніне сайлаушылар саны-1400038 адамды құрады, дауыс беруге 1029083 немесе 73,5% қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Халық партиясы 87793 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,5 пайызын жинады. "Nur Otan" партиясы 827844 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 80,5 пайызына қол жеткізді. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 91221 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,9 пайызына, "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы 16631 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1,6 пайызына және "Адал" саяси партиясы - 4554 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,4 пайызына қол жеткізді. Нәтижесінде депутаттық мандаттар келесідей бөлінеді:

Қазақстан Халық партиясы-4;

"Nur Otan" Партиясы-37;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-4.

Сайлау нәтижесі бойынша  С. Ақсубаев, М.Аубакиров, Г.Ахметова, Қ.Баймырзаев, Б.Байтаев, С.Бигарова, Д.Дигай, Л.Есболова, Ж.Ермұхан, С.Қабышева, Д.Кәрімов, А.Керімбеков, З.Кузиев, Д.Күрішбаева,  Р.Қожасбаев,  Ә.Қыдырманов, Г.Нам,  К.Нестеров, Ж.Нұрмұханова, Р.Салықова, Б.Саятова, Г.Тойлыбаева, Б.Тынышбаев, С.Шеңгелбаев депутат атанды.

Жергілікті өкілді билік органдарында өзгерістер мен жаңартулар орын алып жатты, атап айтсам, 2021 жылғы 30 маусымда "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына «Тұрақты комиссияның төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болуы туралы» өзгеріс енгізілді.

2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде Қазақстан халқына Жолдауында сөз сөйлеп, сол уақыттағы Алматы облысын екіге бөліп, бірін Алматы, екіншісін Жетісу облысы етіп құруды тапсырды. 2022 жылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» № 887 Жарлығына сәйкес, Алматы облысының құрамынан 8 аудан 2 қала бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу облысы құрылды. Осы кезенде, яғни 2022 жылдың 8 маусымда Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы өтіп, күн тәртібіндегі Алматы облысы мен Жетісу облысының мәслихаттарына бөлу мәселесі қаралды. «AMANAT», «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл» партияларымен келісім бойынша және сайлаушылар санын ескере отырып, 45 депутаттық мандат бөлінді. Нәтижесінде Алматы облыстық мәслихатының құрамына 26 депутат, Жетісу облыстық мәслихат құрамына 19 депутат енді.

Осылайша Жетісу облыстық мәслихаты құрылып, бірінші ұйымдастыру сессиясында алғашқы хатшысы болып көп жылғы еңбек тәжірибесі бар Гүлнәр Тойлыбаева сайланды.

Жетісу облыстық мәслихаттың депутаттық корпусына М.Аубакиров, Г.Ахметова, Қ.Баймырзаев, Д.Дигай, Л.Есболова, Е.Жүнісхан, С.Кабышева, Д.Кәрімов, А.Керімбеков, Р.Қожасбаев, Ә.Қыдырманов, Г.Нам, К.Нестеров, Ж.Нұрмуханова, Р.Салықова, Б.Саятова,  Г.Тойлыбаева, Б.Тынышбаев, С.Шеңгелбаев енді.

Сонымен қатар, сессия барысында тұрақты 4 комиссияның құрамы және төрағалары сайланды. Нәтижесінде экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып С.Шеңгелбаев, ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы болып Б.Тынышбаев, денсаулық сақтау, білім, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, дін, тіл, этносаралық қатынастар және ішкі саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасы болып Р. Салықова, индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау, тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша комиссиясы төрағасы Р. Қожасбаев тағайындалды. Сонымен бірге, осы уақытта Жетісу облыстық мәслихатының аппараты құрылды. Гендерлік теңдік әйелдердің елдің саяси экономикалық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан осы саясатқа сүйене отырып, облыстық мәслихат депутаттарының құрамында 7 әйел енді. Бұл көрсеткіш облыстық мәслихат депутаттарының 36,7% құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес бөліну сәтінен бастап яғни 2022 жылғы 8 маусымнан бастап өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 15 сессия  өткізіліп 47 шешім қабылданды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде облыстың әлеуметтік- экономикалық даму процестеріне байланысты мәселелердің едәуір саны қаралды (Жетісу облысының басқару схемасы, Жетісу облысы әкімдігінің дербес құрамы,  Жетісу облысының қоғамдық кеңесінің құрамы,  «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау, Жетісу облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде индустрияландыру саясатын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы; Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындау; Жетісу облысы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережесі, Жетісу облысының (қаласының, ауданының Құрметті азаматы) атағын беру қағдалары, Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы, Жетісу облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы, Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы, Жетісу облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы, Жетісу облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары, "Жетісу облысының Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары, Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары, Жетісу облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары, Облыс бойынша жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары, Жетісу облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы, Облыс мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімінің 2023 жылға арналған халықпен кездесуі күнтізбесінің икемді кестесі келісілді, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс бойынша Тексеру комиссиясының төрағасымен  4 мүшелері тағайындалды, Жетісу облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды).

Сондай-ақ, облыстың 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті бекітіліп 3 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және жаңа редакцияда облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Бөлу балансына сәйкес облыс бюджетінің жалпы сомасы нысаналы трансферттер мен басқа да трансферттерді есепке алғанда 370 млрд. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде меншікті кіріс – 60,8 млрд теңге, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер – 108,4 млрд.теңге, Алматы облысының бюджетінен аударылатын трансферттер 180,4 млрд.теңге, тұрғын үй құрылысына бағалы қағаздар шығаруға берілген несиелер – 10,7 млрд.теңге. Нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып 2022 жылға арналған облыс бюджеті 357,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде кіріс – 44,3 млрд теңге, РБ-тен трансферттер– 115,1 млрд теңге, Алматы облысының бюджетінен аударылған трансферттер - 180,4 млрд. теңге.

2022 жылға шығыстар бойынша орындалу 343,9 млрд.теңгені (жоспарланған 357,1 млрд.теңге) немесе 96,3% құрады. Жетісу облысы өсудің оң динамикасын көрсетіп отыр.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  жоспарларына сәйкес 19 отырыс өтті. Жиындарда мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелердің мүгедек адамдарға жұмыс орындарын беру үшін жергілікті атқарушы органдар бөлген квоталарды орындауы мәселесі туралы, кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі мен суицидін төмендету бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде, осы бағытта ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жоспарлары, Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру, жастардың әлеуметтенуі, жастармен әрі жұмыс жасау жоспарлары мен перспективалары, Жетісу облысында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу бойынша жұмыс барысы туралы, мектепке дейін білім беру және тәрбиелеу мәселесі бойынша атқаралып жатқан жұмыстар (проблемалары және перспективалары туралы), 2022 жылға арналған "Дені сау ұлт "әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, Өңір үшін қажетті кадрларды даярлау мақсатында гранттар беру туралы, халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру мәселелері туралы, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білімді ұлт» Сапалы білім беру»  ұлттық жобасын іске асыру туралы, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру педагогтарының ортасын аттестаттауды өткізу туралы, 2023 жылға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы, пайдаланылмайтын алқаптарды мемлекеттік меншікке қайтару туралы, жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы, Аудан, қаланың жайылымдық алқаптардан мал айдайтын жолдарын белгілеу туралы, Жергілікті халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды.

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауы екі мәрте өтті. Біріншісі 2022 жылдың 24 тамызында өтіп, осы сайлауға 11 үміткер ұсынылды. Оның 6 ғана тіркеуден өтіп, сайлауға қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Толамисов пен Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев Парламент жоғары палатасының мандаты үшін сайлауда озық шықты. Екінші сайлау 2023 жылдың 14 қантарда өтіп, сол кезде сенатор болып жұмыс істеп жүрген Амангелді Толамисов сайлауға түсіп жеңіске жетті.

Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың қатысуымен «Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығына сәйкес, екі рет облыс әкімі тағайындалды.

Сондай-ақ, жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимылды жандандыру үшін Сенат жанынан өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылған болатын.

Кеңестің басты мақсаты жергілікті мемлекеттік басқару және Өңірлерді дамыту саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жоғары заң шығарушы және жергілікті өкілді билік арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігі жергілікті проблемаларды ескере отырып, заң нормаларын шығаруға қатысу мүмкіндігі ретінде қарастырылған.

Жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарын аса маңызды заң жобаларын қарауға белсенді тарту және сенаторлардың үштен екісі аймақтардан сайланатындығын ескере отырып, мұндай тығыз қарым-қатынастың маңызы зор.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығының негізінде 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалды.

2023 жылғы 19 наурызда сайлау нәтижесінде облыстық мәслихатқа 32 депутат аралас жүйе бойынша, 50 % партиялық тізімдер, 50% бір мандатты округтер бойынша сайланды. Бір мандатты 16 сайлау округіне 63 адам ұсынылып, 52 кандидат тіркеуден өтті, қалғандары әртүрлі себептерге сәйкес тіркеуден өткен жоқ. Орта есеппен бір орынға 3,2 адамнан келді.

Депутаттыққа үміткерлердің 13-і «AMANAT» партиясынан, «Республика», Ақжол, Байтақ партиялардан бір-бірден кандидат ұсынды, 36 үміткер өзін-өзі ұсынды. Жетісу облыстық мәслихатқа белгіленген 16 округке  келесі  депутаттар сайланды: Д.Ахмолдаев, Ж.Алтынбеков, Б.Бласов, Р.Валишанов, Қ. Кереев, Қ.Қажи, М.Мұқатай, Нестеров К.М, Ж.Оспанов, А.Садиев, Қ.Сайранбеков, Б.Саятова,  Р.Тулақбаев, Б.Файзулин, М.Чуженев, С.Шеңгелбаев.

Партиялық тізімдер «AMANAT» партиясынан 4 үміткер, «Ауыл» халықтық - демократиялық патриоттық партиясынан 9 үміткер, Қазақстан Халық партиясынан 6 кандидат, Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясынан 11 үміткер, «Республика» партиясынан 3 кандидат және «Байтақ» партиясынан 3 кандидат ұсынылды. «Байтақ» партиясынын партиялық тізімде әйелдер мен жастардың 30% квотасы сақталмауына байланысты тіркеуден бас тартылды. Осылайша, сайлау бюллетеніне 5 партияның атауы енгізілді, онда 58 кандидат, «AMANAT» партиясы (34 кандидат), "Қазақстан Халық партиясы" (6 кандидат), "Ауыл" партиясы (8 кандидат), "Республика" партиясы (2 кандидат), Ақжол партиясы (8 кандидат).1 орынға орташа бәсекелестік - 3,6.

Сайлау нәтижесіне сәйкес, «AMANAT» партиясы 10 мандат, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2 мандат, «Respublica» партиясы 2 мандат, Қазақстан Халық партиясы 1 мандат және «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы -1 мандат иемденді. Нәтижесінде «AMANAT» партиясы сапынан Е.Ақболатов, А.Арын, Қ.Баймырзаев, Е.Баялышбаев, Қ.Қарабасов, А.Қыдырманов, Р.Сакиова, Р.Салықова, Г.Тойлыбаева, Б.Тынышбаев, «Ауыл» Халықтық- демократиялық патриоттық партиясынан О.Джапарқұлов, Қ.Теміргалиұлы, «Respublica» партиясынан Т.Қылышбеков, Г.Мұстапова, Қазақстан Халық партиясынан Қ.Жақсылық және «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясынан Е.Егінбаев депутат болды.

Соңғы жылдарда елімізде мемлекеттік басқару жүйесінде әлеуметтік-саяси жаңғырулар мен реформалар жүргізілуде. Президенттің бастамасымен әділетті, құқықтық, ашық мемлекетіміздің іргетасын қалау бағытында бірқатар тың өзгерістер жүзеге асты. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы аясында Парламенттің, жергілікті өкілді органдардың рөлін, ықпалын арттыру мақсатында аралас сайлау жүйесіне қайта оралды. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында үлкен саяси бәсекелестік болды. Бұрын (VІІ шақырылым) облыстық мәслихатта 3 партия ғана болса, қазір 6 саяси партияның өкілдері, аудандық, қалалық мәслихаттарға 5 партия өкілдері өтті. 36 адам өзін-өзі ұсынды, бір орынға 3,6 үміткерден келді. Нәтижесінде облыстық мәслихаттағы депутаттар 75%-ға жаңарды. Құрамында 6 партия (Amanat, Ауыл, Ақ Жол, Respublica, Қазақстан Халық партиясы) және өзін-өзі ұсынушылар (Байтақ) өкілдері бар. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Заңына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезінде үш санаттағы өкілдер саны: әйелдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар жиынтығында партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30% - құрауы тиіс" деп жазылған, депутаттық корпус осы Заңның талаптарына сәйкес жасақталды.

Бұл жаңа реформаларға сай демократиялық үрдістердің айқын айғағы. Бастысы мұндай көппартиялық құрам бәсекелестікті арттырады. Ал бәсеке бар жерде даму, ілгері жылжу болады. Партиялардың көптігі пікір алуандығын қалыптастырып, әлеуметтік мәселелерді шешуде, өңірдің дамуына жаңа леп, жаңа мүмкіндіктер әкеледі.

Мәслихат – түрлі саяси-әлеуметтік көзқарас, әр алуан пікірлер тоғысатын өкілді орган. Түрлі саяси партиялардың ұстанымдары, принциптері сәйкес келмеуі де мүмкін, алайда елдік мүдде, мемлекеттің мұраты бәрінен де жоғары тұруы тиіс. Қазір облыстық мәслихаттың құрамында 32 депутат бар, оның ішінде 27 ер адам, 5 әйел.

Сапалық құрам турасында қарасақ, кәсіподақ саласынан 1, білім саласынан 3, ауыл шаруашылығы саласынан 6, денсаулық сақтау саласынан 2, бизнес саласынан 6, құрылыс саласынан 4, партия өкілдерінен 4, мәдениет және спорт саласынан 5, өкілді органнан 1 депутат бар.

Айта кету керек, халық қалаулылары әртүрлі себептермен өздерінің депутаттық өкілеттіктерін тоқтата алады, осыған байланысты екі депутат Тынышбаев Б.Т. және Темірғалиұлы Қанат депутаттың қызметімен үйлеспейтін лауазымдарға ауысуына байланысты өз өкілеттіктерін тоқтатты.

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында-Мәслихат төрағасы лауазымын енгізу қажеттігін атап өтті. 

Жолдауды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп 2023 жылдың қантар айынан бастап «Мәслихат төрағасы» лауазымы енгізілді.  

Бірінші ұйымдастыру сессия барысында облыстық мәслихатының төрағасы болып өткен VII шақырылымда облыстық мәслихат хатшысының өкілеттіктерін абыроймен атқарған депутат Г. Тойлыбаева бірауыздан қайтадан сайланды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жетісу облыстық мәслихатының тарихы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы