
1974 жылы 14 қыркүйекте Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданы Лепсі кентінде дүниеге келді.
1991 жылы Бөрлітөбе ауданы Лепсі кентіндегі К.Ушинский атындағы орта мектебін бітірді.
1994 жылы Қазақ тұтынушылар одағының АОӨҚ-ң технологиялық техникумын «Техник-технолог», 2005 жылы Алматы технология және бизнес университетін «Инженер-технолог», 2007 жылы Гуманитарлық-экономикалық академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандықтары бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1994 жылы «Нан» АҚ-ң технологиялық бақылау бөлімінің бақылаушы ретінде бастады.
1996-1999 жылдары - «Нан» АҚ-ң тәті тағам цехінің инженер-технологі.
1999-2000 жылдары - «Мухамеджанов» ЖК «Сауда және маркетинг» бөлімінің маманы.
2003-2005 жылдары - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының жетекші маманы.
2005-2013 жылдар аралығында Алматы облыстық мәслихаты аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.
2013 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 20 ақпанына дейін - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының баспасөз-хатшысы.
2018 жылдың 20 ақпанынан 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін - Алматы облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы.
2022 жылдың 1 шілдесіне бастап, қазіргі уақытқа дейін - Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы.