«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат

2025 жылы «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де 1133 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 0, жергілікті атқарушы орган арқылы-197 электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы - 936 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Азаматтарды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар ету мақсатында бөлім қызметкерлері азаматтарды қабылдау уақытында пайдалану артықшылықтары мен ЭҮП арқылы өтініш беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы Бөлімнің ресми сайтында ақпарат орналастырылған. Ақпарат қажет болған жағдайда жаңартылады.

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де 2025 жылы белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар болған жоқ.

Есепті кезеңде «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдардың түсу көздері жоқ.

Есепті кезеңде тұлғалардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдарын қарау мерзімдерінде жол берілген бұзушылықтар жоқ.

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді

 

«Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат
Дата публикации
05 марта 2026