Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын, білім беруді цифрландыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында.
Ауданның барлық 29 (100 %) мектебі кең жолақты Интернет желісіне қол жеткізе алады, жылдамдығы 4 Мбит/сек және одан жоғары (оның ішінде: 2 мектеп интернетке 4 Мбит/сек, 27 мектеп 10 Мбит/сек және одан жоғары, Железин ауданы мектептерінің 100% Wi-Fi кіру нүктелерімен қамтамасыз етілген.
Ауданның білім беру ұйымдарының компьютерлік паркінде 1242 компьютерлік техника бар. Компьютерлермен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Ауданның барлық мектептері (100%) "Күнделік" жүйесіне қосылған. Аудан педагогтары мен оқушылары "Bilimland" платформасының цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдаланады, оған ауданның 29 мектебі (100%) қол жеткізе алады.
"Нұр Отан" партиясымен бірлесіп балаларға бағдарламалау дағдыларын үйрету бойынша 2 тегін IT-сынып ашылды. Қазіргі уақытта it-сыныптарда балаларға арнайы бағдарламалар бойынша бағдарламалау дағдыларын үйрету жүргізілуде. Ауданда 7 робототехника кабинеті жұмыс істейді.
Ауданның барлық 28 мектебі Е-Kitaphana ақпараттық-талдау жүйесіне қосылған. Бұл жүйе ауданның кітапхана қоры бойынша ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға, әр оқу жылына әдебиеттерді сатып алуға орталықтандырылған тапсырысты қалыптастыруға арналған.