Меню

Жарма аудандық мәслихатының аппараты

Еліміз тәуелсіздік алған кезеңдерде саяси және  экономикалық зор табыстарға қол жеткізді. Мұнда жергілікті өкілді билік органының да тиісінше үлесі бар.                                                                                                                                

         Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан саяси-мемлекеттік құрылымның өзіндік үлгісін іздестіре бастады.   

         1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен тәуелсіз, егемен мемлекет Ата Заңын қабылдады. Сол жылы ҚР Жоғары Кеңесі жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымдарына айтарлықтай өзгерістер енгізген «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заң қабылдады.  Жергілікті өкілетті органдар - мәслихат, жергілікті атқарушы органдар - әкімшілік болып аталды.

         Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атауға біріктірілді. Ұйымдастырушылық жағынан жергілікті органдар бір-бірінен бөлінген, әрқайсысының өкілеттілігі, мәселелер аясы мен өз құзыреті бар.

         Қазақстан  Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында 1994 жылы жергілікті мемлекеттік басқару саласында үлкен өзгерістер болып, облыстық, қалалық, аудандық  деңгейдегі еліміздің өкілетті органдары – мәслихаттар құрылды.

         Республика аумағында сайлау қорытындысы бойынша 1994 жылдың 24 наурызында мәслихаттың бірінші ұйымдастыру сессиялары өтті.

         Қазақстан  Республикасы  Президентінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі  № 3474  Жарлығымен  Шар, Жарма аудандары біріктіріліп, Жарма ауданы болып қайта құрылды. Осыған байланысты біріккен екі ауданның мәслихат депутаттары 1997 жылы 25 шілдеде  аудандық мәслихаттың ұйымдастыру сессиясын өткізді.

         Мәслихаттардың құзыретiне тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде әкімдері  іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

         егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту,  өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

         атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесуҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.

Телефон 65-662, 65-637
Мекен жайы Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, кабиент 23
E-mail zhar-maslihat@mail.ru
1
Пресс центр
Қоғамдық Кеңес отырысы өттіҚоғамдық Кеңес отырысы өтті
Жарма аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші  (XХХVII) сессиясы өттіЖарма аудандық мәслихатының кезекті отыз жетінші (XХХVII) сессиясы өтті
Хабарландыру
Хабарландыру
Жарма аудандық мәслихатының  Кезектен тыс XХХVІ сессия отырысы өттіЖарма аудандық мәслихатының Кезектен тыс XХХVІ сессия отырысы өтті
Направления
Жарма аудандық мәслихаты
Жарма ауданының Қоғамдық кеңесі
Полезные ссылки
Документы
Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 5/110-VIII «Абай облысы Жарма ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
2025-12-04T15:31:00Z
ХХІХ сессия хаттамасы
2025-10-03T12:54:00Z
ХХVІІІ сессия хаттамасы
2025-10-03T12:52:00Z
Вакансии
"Абай облысы Жарма ауданы мәслихатының аппараты" ММ-нің ұйымдастыру және заңгерлік бөлімінің бас маманы (№ 005) "В" функционалдық блогі
2022-11-15
«Жарма аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 14 маусымға дейін бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына)
2021-01-19
Календарь событий
Услуги
Слайды
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы