Шешім жобасы

ЖОБА

Жарма аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6375 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жарма аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
07 июля 2022