18 сессия

Жарма аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялардың отырысы мен

 кезекті ХVІІІ сессиясы өтті

          2022 жылғы 24 маусымында Жарма ауданы әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Мәслихат депутаттары 2022 жылға жоспарланған жұмыс жоспарына сәйкес ауданымыздағы «Жарма аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерлан Самарканович Балтабаевтың, «Жарма су» КМҚҚ-нің басшысы Жумагали Саметович Даутбековтың, «Горводхоз» КМК-нің директоры Эрдос Какытаевич Мурымбаевтың және «Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ-нің басшысы Максат Меллетханович Касымовтың есептерін тыңдады.

         2022 жылғы 24 маусымында аудандық мәслихаттың кезекті XVІІІ сессиясы өтіп, өткен бірлескен тұрақты комиссяларында тыңдалған есептерге қорытынды баға беріліп, әр басшыға аудан көлеміндегі тиісінше сала бойынша нақты ұсыныстар беріліп шешіммен бекітілді. Сессияның күн тәртібіне сәйкес басқа да бірқатар мәселелер талқылауға шығарылып, депутаттар мақұлдап, шешім жобалары қабылданды.

 

Күн тәртібі
Дата публикации
24 июня 2022