Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессиясы өтті
2022 жылғы 14 маусымында Жарма ауданы әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVІІ сессиясы өтіп, депутаттық корпуспен сессияның күн тәртібіне сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған ауданның және ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы шешім жобалары қаралды. Депутаттар ұсынылып отырған қаржылық жоспарларды кеңінен талқылай келе, қорытынды дауыс беру нәтижесі бойынша көрсетілген түзетулермен бюджеттер бекітілді.