16 сессия

 

Жарма аудандық мәслихатының

тұрақты комиссиялардың жұмысы және

 кезектен тыс ХVІ сессиясы өтті

 

         2022 жылғы 18 мамырында Жарма ауданы әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Мәслихат депутаттары аудандағы ауылдық округтер әкімдерінің бюджеттердің атқарылуы туралы есептерін тыңдады.

         Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткеннен кеиін аудандық мәслихаттың кезектен тыс XVІ сессиясы өтіп, депутаттық корпуспен сессияның күн тәртібіне сәйкес, 2022-2024 жылдарға арналған ауданның және ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгеріс енгізу туралы шешім жобалары қаралды. Сессияның күн тәртібіне сәйкес басқа да бірқатар мәселелер талқылауға шығарылып, депутаттар мақұлдап, шешім жобалары қабылданды.

 

 

 

Күн тәртібі
Дата публикации
18 мая 2022