14 сессия

Жарма аудандық мәслихатының

тұрақты комиссиялардың жұмысы және

 кезекті ХІV сессиясы өтті

 

         2022 жылғы 24 наурызда Жарма ауданы әкімдігінің ғимаратында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Мәслихат депутаттары аудан әкімінің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының, қала, кент және аудандағы ауылдық округтер әкімдерінің өткен 2021 жылғы бюджеттердің атқарылуы туралы есептерін тыңдады. Сондай-ақ комиссиялар аудандық мәслихаттың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Жарма ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бақылау қорытындылары туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілінің есебін (қорытындысын) тыңдады.

         2022 жылғы 25 наурызда аудандық мәслихаттың кезекті XIV сессиясы өтіп, онда аудан әкімінің есептері мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы бекітілді. Сессияның күн тәртібіне сәйкес басқа да бірқатар мәселелер талқылауға шығарылып, депутаттар мақұлдап, шешім жобалары қабылданды.

Күн тәртібі
Дата публикации
25 марта 2022