Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
mika-1989-bme@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Бейсембаева Меруерт Ертаевна
Жарма аудандық мәслихатының №10 сайлау округінің VIII шақырылым депутаты
Общая информация, образование

Бейсембаева Меруерт Ертаевна, 1989 жылы 30 наурызда Семей облысы Шар ауданы Шар қаласында дүниеге келді. 2007 жылы Шар қаласындағы Абай атындағы орта мектебін бітірді. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын география мамандығы бойынша тәмамдады. 2023 жылы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.  

Еңбек жолын 2011 жылы «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» ММ-де әлеуметтік педагог және география пәні мұғалімі ретінде бастап, 2015-2017 жылдар аралығында тәлімгер және география пәні мұғалімі ретінде қызмет етті. 2017 жылы 1 қыркүйекте осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2022 жыл 30 қыркүйектен бастап «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-не мектеп директоры болып тағайындалды.

Спортты жаны сүйеді, волейбол, теннис ойындарын жоғары шеберлікпен меңгереді.  Музыка мен поэзияға қызығушылығы басым. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, кез-келген ортада көшбасшылық қабілетке ие бола алады.

Қалалық әйелдер қоғамы кеңесінің белді мүшесі.

Қаланың қоғамдық мәселелерін шешуде әрдайым белсенділік танытып, араласып отырады. Туған жерінің патриоты. Қаланың гүлденуіне, халқының әлеуметтік тұрмысының жандануына алдағы уақытта да үн қосып, қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Азаматтық позициясы берік, мақсаттары айқын.

2 баланың анасы, сүйікті жар, туыстарына сыйлы, ұжымдастарының арасында абыройлы жан.

 

Карьера

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы