2026 - 2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы

2026 - 2028  жылдарға арналған 

Жәнібек ауданы Талов ауылдық

округінің бюджеті туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Талов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 47 964 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 5 951 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 42 013 мың теңге;

         2) шығындар – 47 964 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Талов ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2026 жылғы аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің мөлшері 4 686 мың теңге сомасында белгіленсін.
  3. 2026 жылға арналған Талов ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 37 327 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  5. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

             Мәслихат төрағасы                                       Т.Кадимов

 

Дата публикации
30 декабря 2025