2026 - 2028 жылдарға арналған
Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық
округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 93 246 мың теңге:
салықтық түсімдер - 92 646 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 600 мың теңге;
трансферттер түсімі – 0 теңге;
2) шығындар - 93 246 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған Жәнібек ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026– 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
3. 2026 жылғы аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің мөлшері 0 теңге сомасында белгіленсін.
4. 2026 жылға арналған Жәнібек ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 0 теңге көлемінде ескерілсін.
5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
6. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов