2026 - 2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы

2026 - 2028  жылдарға арналған 

Жәнібек ауданы Борсы ауылдық

округінің бюджеті туралы

 

          Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Борсы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 43 639 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 5 649 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 53 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 37 937 мың теңге;

         2) шығындар – 43 639 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған Борсы ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2026 жылға арналған Борсы ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 35 112 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

    Мәслихат төрағасы                               Т.Кадимов

Дата публикации
30 декабря 2025