2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

2026-2028 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті   мемлекеттік   басқару   және   өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026 – 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 294 761 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 257 323 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 25 344 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 011 094 мың теңге;

2) шығындар – 2 961 775 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 18 322 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 71 363 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 041 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 314 664 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –           - 314 664 мың теңге:

қарыздар түсімі – 71 363 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 386 027 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары  - 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026 - 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» №239 Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 15 желтоқсандағы №22-1 «2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
  2. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 239 Заңы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 15 желтоқсандағы №22-1 «2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі қатерге және басшылыққа алынсын.
  3. Жергілікті бюджеттің 2026 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;

4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;

5) аудандық бюджетіне аударылатын әлеуметтік салық– 100%;

6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары аудандық бюджетіне – 0%;

  1.    2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 710 841 мың теңге көлемінде ескерілсін:

         мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 29 647 мың теңге;

         кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 3 878 мың теңге;

          Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 90 881 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 71 363 мың теңге;

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға – 207 610 мың теңге;

Жәнібек ауылындағы кітапхана құрысына – 307 462 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке қайтарылатын 463 307 мың теңге түсімдер ескерілсін:

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 386 027 мың теңге;

         бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар – 77 280 мың теңге.

  1. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджеткодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  2. Облыстық бюджеттен 2026 жылға аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 371 616 мың теңге болып белгіленсін.
  3. 2026 жылға арналған аудандық бюджетке төмен тұрған бюджеттен бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.
  4. 2026 жылы аудандық бюджеттен төмен тұрған бюджетіне берілетін субвенция көлемі 280 011 мың теңге болып белгіленсін.
  5. 2026 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 48 570 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  6. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен  белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне  сәйкес, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне қызметтің осы түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің мөлшерлемесімен салыстырғанда лауазымдық  айлықақылар 25 %-ға  көтеру көзделсін.
  7. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағымамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көзделсін.
  8. Осы шешім  2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат  төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 декабря 2025