Жәнібек ауданы әкімдігі және аудандық полиция бөлімінің міндеттер мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Жәнібек ауданы әкімінің 2025 жылғы 7 қарашадағы №02-15/944 ұсыныс хаты негізінде Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатындағы Жәнібек ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттері мен қызметтерін бағалаудың 2028 жылға дейінгі критерийлері бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жәнібек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов
Жәнібек аудандық мәслихатының
2025 жылғы 20 қарашадағы №40-1
шешіміне қосымша
Жәнібек ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау аясындағы нысаналы индикаторлар.
- Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың азайту (%-дейін төмендету).
2025-13,4%; 2026-11,9%; 2027-10,4%; 2028-9,0%.
- Көшелер мен халық көп жиналатын орындарда жасалған қылмыстардың санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-11,9%; 2026-10,4%; 2027-9%; 2028-7,5%.
- Жол көлік оқиғалары қылмыстарының санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-6,0%; 2026-4,5%; 2027-3,0%; 2028-1,5%.
- Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-3,0; 2026-2,7; 2027-2,4; 2028-2,1%.
- Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстардың санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-4,5%; 2026-3,7%; 2027-3,0%; 2028-2,2%.
- Бұрын сотталған тұлғалармен жасалған қылмыстардың санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-13,4%; 2026-11,9%; 2027-10,4%; 2028-9,0%.
- Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-14,9%; 2026-13,4%; 2027-11,9%; 2028-10,4%.
- Мал ұрлығы қылмысының үлес салмағы (%-дейін төмендету).
2025-10,4%; 2026-9,0%; 2027-7,5%; 2028-6,0%.
- Отбасы – тұрмыстық жағдайында орын алған қылмыстардың санын азайту (%-дейін төмендету).
2025-7,5%; 2026-6,0%; 2027-4,5%; 2028-3,0%.
- Mac күйінде және есірткі затын қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын азайту (%-дейін төмендету)
2025-29,9%; 2026-28,4%; 2027-26,9%; 2028-25,4%.
- Бұзақылық қылмыстарының санын азайту(%-дейін төмендету)
2025-6,0%; 2026-5,2%; 2027-4,5%; 2028-3,7%.