Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі №39-10 «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Жәнібек ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 қарашадағы №199 қаулысы негізінде Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аталған комиссия құрамынан Абдрешев Нурболат Зулпкарович, Егеуова Айымжан Джумагалиевна шығарылып, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Камашев Асылбек Шамуратович және аудан әкімі аппаратының бас инспектор -заңгері Аюпов Нурлан Дуйсенгаевич енгізілсін.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов