Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-9 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 34 750 мың теңге:
салықтық түсімдер – 4 878 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 134 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 29 738 мың теңге;
2) шығындар – 39 210 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 460 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 460 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 460 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов