Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-5 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-5 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 


          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
          1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы   №30-5 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Күйгенкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 41 379 мың теңге:
салықтық түсімдер – 6 480 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 70 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі –  34 829 мың теңге;
2) шығындар – 48 113 мың теңге;   
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -6 734мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– 
6 734 мың теңге;
  қарыздар түсімі – 0 теңге;
  қарыздарды өтеу – 0 теңге; 
  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 6 734 мың теңге.»;    
          аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 


2. Осы  шешім  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


Мәслихат төрағасы                                    Т.Кадимов

 

Дата публикации
09 декабря 2025