Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-6 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-6 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 


          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
         1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-6 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданының  Қамысты ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаға сәйкес, 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 61 903 мың теңге:
салықтық түсімдер – 5185 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 67 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі –   56 651 мың теңге;
2) шығындар – 63 534 мың теңге;   
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 631 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 
1 631 мың теңге:
  қарыздар түсімі – 0 теңге;
  қарыздарды өтеу – 0 теңге; 
  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 631 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 


  
  2. Осы  шешім  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 


          Мәслихат төрағасы                                     Т.Кадимов

 

Дата публикации
09 декабря 2025