Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025–2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –56 635 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 540 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 53 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 53 042 мың теңге;
2) шығындар – 59 054 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2419 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2419 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2419 теңге.»;
аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов