Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

      

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы       №29-2 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 7 525 225 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 1 169 091 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 29 663 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 900 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 6 325 571 мың теңге;

          2) шығындар – 8 094 247 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 454 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер – 67 990 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 536 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -583 476 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –583 476 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 442 210 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 53 536 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194 802 мың теңге.»;

          5 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жалпы сомасы – 441 939 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

          екінші абзац алынып тасталсын:

          алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 159 162 мың теңге;

          6 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

        «6. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін кредиттер жалпы сомасы – 442 210 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

           екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 67 990 мың теңге;»;

          үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына облыстық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу – 41 234 мың теңге;»;

          төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу – 332 986 мың теңге.»;

            7 - тармақта:             

            бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 418 959 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

           екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 12 297 мың теңге;»;

           үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 1 426 мың теңге;»;

           төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 39 615 мың теңге;»;

           жетінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы Оразбаева және Наурыз көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 687 953 мың теңге;»;

           сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округінің Жасқайрат ауылы Тайманов көшесі, Жароков көшесі бойындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге – 235 031 мың теңге;»;

          тоғызыншы абзац алынып тасталсын:

          оң екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жасанды құрылыстарын паспорттауға – 1 508 мың теңге;»;

           оң үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының паспорттауға – 13 500 мың теңге;»;

           келесі мазмұндағы оң төртінші абзацпен толықтырылсын:

           «Жәнібек ауданы Еңбек ауылына кіреберіс жолын ағымдағы жөндеуге – 338 754 мың теңге;»;

           келесі мазмұндағы оң бесінші абзацпен толықтырылсын:

           «Жәнібек ауданы Майтүбек ауылына кіреберіс жолын ағымдағы жөндеуге – 169 377 мың теңге.».

            8 - тармақта:              

            бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке қайтарылатын 131 918 мың теңге түсімдер ескерілсін:»;

           екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

           «бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 536 мың теңге;»;

           үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар - 17 446 мың теңге;»;

           келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

            «пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару – 2 мың теңге;»;

           келесі мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

          «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару – 1 мың теңге.»;

            11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «11. 2025 жылға төмен тұрған бюджеттен аудандық бюджетке 36 551 мың теңге мөлшерінде бюджеттік алымдар қарастырылсын.»;

            13 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «13. 2025 жылы аудандық бюджеттен төмен тұрған бюджетіне берілетін ағымдағы трансферттердің көлемі 16 236 мың теңге болып белгіленсін.»;

           14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «14. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 34 941 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;

           аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1.   Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
03 декабря 2025