Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 «2025–2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

        «1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 43 150 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 3 728 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 40 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  39 382 мың теңге;

         2) шығындар – 47 188 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4038 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4038 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4038 теңге.»;

           аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                 

                       Мәслихат төрағасы                                    Т.Кадимов

 

Дата публикации
24 сентября 2025