Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 39 сессиясын шақыру туралы

ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

2025 жылғы 18 қыркүйектегі                                     №44

Жәнібек аудандық мәслихатының

кезектен тыс 39 сессиясын шақыру туралы    

 

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

         Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 39 сессиясы 2025 жылдың 23 қыркүйек күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залына сағат 11 00 -ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-1 «2025 - 2027  жылдарға арналған  Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025 - 2027   жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

 

 

 

                Мәслихат төрағасы                                  Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 сентября 2025