Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

         Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы       №29-2 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

          1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

          «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 7 163 554 мың теңге:

          салықтық түсімдер – 1 282 928 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 24 077 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 649 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 5 855 900 мың теңге;

          2) шығындар – 7 661 296 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 11 342 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 536 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

          қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -509 084 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –509 084 мың теңге:

         қарыздар түсімі – 367 818 мың теңге;

         қарыздарды өтеу – 53 536 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194 802 мың теңге.»;

          5 - тармақта:             

          бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жалпы сомасы – 546 273 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

            алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

                «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 166 494 мың теңге;»;

            6 - тармақта:             

            бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «6. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін кредиттер жалпы сомасы – 367 818 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

            келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

            «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына облыстық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу – 33 380 мың теңге;»;

            келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

            «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына облыстық бюджеттен ішкі қарыздар қаражатынан берілетін кредиттер есебінен коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу – 269 560 мың теңге.»;

            7 - тармақта:             

            бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      «7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 315 506 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

            екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 32 556 мың теңге;»;

            төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 36 376 мың теңге;»;

             алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

            «Жәнібек ауданы аудандық маңызы бар Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен, 92-128 (36) шақырым автожолын күрделі жөндеуге – 2 497 907 мың теңге;»;

             он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

             «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 5 700 мың теңге;»;

              аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1.    Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
11 сентября 2025