Аудан әкімінің өзіне жүктелген
функциялар мен міндеттердің
орындалуы туралы есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы №19 Жарлығы негізінде және аудан әкімі Т.С.Шиниязовтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдап және талқылап, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
бюджет қаражатын соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
халыққа ауданның мемлекеттік органдары тарапынан уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуін бақылауды қамтамасыз ету;
әлеуметтiк нысандарды қысқы жағдайға дайындау бойынша нақты шараларды іске асыру.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов