Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-4 «Аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жәнібек ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы №62 қаулысына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына Ахметов Жаннұр Бекбауұлы - Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін;
комиссия құрамынан Абдолов Жақсылық Каримоллаұлы шығарылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов