Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-13 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-13 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жәнібек ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №5 шешіміне сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-13 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

         Көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына Ахметов Жаннұр Бекбауұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары,  Камашев Ернар Нұрлыбекұлы -  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы, Қайрлиева Айнаш Бейбітқызы - аудандық орталық аурухана медбикесі, комиссия мүшесі (келісім бойынша), Джуманиязов Қайырбек Нұрхатұлы -  мансап орталығының маманы,  комиссия мүшесі (келісім бойынша) енгізілсін;

комиссия құрамынан Бисенов Мирболат Бауыржанұлы, Хамзин Тимур Қобланұлы, Масанова Аида Саясатқызы, Серік Жумағали Қайырболатұлы шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                     Т.Кадимов

 

 

Дата публикации
20 июня 2025