О внесении изменений в решение районного маслихата от 2 июня 2023 года №6-5 " о создании трехсторонней районной комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений»

 

Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 2 маусымдағы №6-5 «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты аудандық комиссиясын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жәнібек ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы №60 қаулысына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 маусымдағы №6-5 «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты аудандық комиссиясын құру туралы» шешімі төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

         Көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған комиссия құрамына Ахметов Жаннұр Бекбауұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары,  Камашев Ернар Нұрлыбекұлы -  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы,  Нигметов Қанат Имақашұлы - «Дидар» шаруа қожалығының басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша), Сабанов Бауыржан Қанатұлы - «ECO CLUB» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша) енгізілсін;

         комиссия құрамынан Бисенов Мирболат Бауыржанұлы, Серік Жұмағали Қайырболатұлы шығарылсын.

  1.   Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мәслихат төрағасы                               Т.Кадимов

 

 

 

 

Дата публикации
20 июня 2025