Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-6 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданының Қамысты ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаға сәйкес, 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62 729 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 185 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 67 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 59 477 мың теңге;
2) шығындар – 64 360 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 631 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 631 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 631 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов