Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-2 «2025–2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер –54 045 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 3 040 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 53 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 50 952 мың теңге;

         2) шығындар – 56 464 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2419 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2419 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2419 теңге.»;

          аталған шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

  1. Осы  шешім  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                        Мәслихат төрағасы                                    Т.Кадимов

 

Дата публикации
20 июня 2025