Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімінеөз герістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 738 634 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 119 277 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 539 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 6 599 818 мың теңге;
2) шығындар – 7 933 436 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 948 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 930 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -205 750 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –205 750 мың теңге:
қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 53 930 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194 802 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
|
|
|
|
Мәслихат төрағасы |
|
Т. Кадимов |