Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-9 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-9 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

        Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-9 «2025 – 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы  Ұзынкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 34 750 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 4 878 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 134 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  29 738 мың теңге;

         2) шығындар – 39 210 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 460 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4 460 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;   

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4 460 мың теңге.»;

           аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

 

         

 

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                                 Т.Кадимов

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2025