Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №30-7 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024  жылғы 26 желтоқсандағы №30-7 «2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 


Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы  №30-7 «2025–2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне  келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
          «1. 2025-2027 жылдарға арналған Талов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 589 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 915 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 35 674 мың теңге;
2) шығындар – 48 220 мың теңге;   
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 8 631 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 
8 631 мың теңге:
  қарыздар түсімі – 0 теңге;
  қарыздарды өтеу – 0 теңге; 
  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 8 631 мың теңге.»;
          аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 


2. Осы  шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 


Мәслихат төрағасы                                          Т.Кадимов

 

 

Дата публикации
31 марта 2025