Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

20 наурыз 2025 жыл                                №31-3 шешім

 

Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

       Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

       1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

       «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 7 498 634 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 879 277 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 19 539 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      трансферттер түсімі – 6 599 818 мың теңге;

      2) шығындар – 7 693 436 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 948 мың теңге:

      бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 930 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

      қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -205 750 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –205 750 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 53 930 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194 802 мың теңге.»;

      5 - тармақта:             

      бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

       «5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жалпы сомасы – 574 023 мың теңге көлемінде қарастырылсын:»;

       алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

       «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 194 244 мың теңге;»;

       7 - тармақта:             

       бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      «7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 5 059 424 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

         оныңшы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

         «Жәнібек ауданы, Жақсыбай-Сарыөзен каналын қайта жаңартуға – 413 891 мың теңге;»;

        келесі мазмұндағы оң бірінші абзацпен толықтырылсын:

        «халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 83 245 мың теңге;»;

        келесі мазмұндағы оң екінші абзацпен толықтырылсын:

        «аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жасанды құрылыстарын паспорттауға – 1 688 мың теңге;»;

        келесі мазмұндағы оң үшінші абзацпен толықтырылсын:

        «аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының паспорттауға – 19 225 мың теңге.»;

         аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Т. Кадимов

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2025