Жәнібек аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының «Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды жою, алдын алу шараларының орындалуы бойынша» есебі

Жәнібек аудандық санитариялық –

эпидемиологиялық бақылау

басқармасының «Аудандағы

эпидемиологиялық жағдайды жою,

алдын алу шараларының орындалуы

бойынша» есебі

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының есебін тыңдап және талқылай отырып Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының «Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды жою, алдын алу шараларының орындалуы бойынша» есебі назарға алынсын.
  2. Атқарылған істер мен тындырылған жұмыстармен қатар шешімін табуға тиісті мына мәселелерге назар аударылсын:

Өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету бағытта өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралары жалғастырылсын;

         аудандық деңгейде вакциналармен басқарылатын инфекциялардың, жұқпалы аурулардың алдын алу, соның ішінде адам папилломасы вирусына қарсы егу мәселелері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге ақпараттарды тарату мен жариялау жұмыстары жалғастырылып, екпелердің маңыздылығы туралы баннерлер орналастырылсын.                  

  1. Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары (Ж. Ахметов) эпидемиялық мәні жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу жұмыстары назарға алынып, сумен жабдықтау объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық талаптарға сай болуына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияна (Б.Ихсанов) жүктелсін.

 

 

   Мәслихат төрағасы                                              Т. Кадимов

 

 

Дата публикации
31 марта 2025