Жәнібек аудандық санитариялық –
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының «Аудандағы
эпидемиологиялық жағдайды жою,
алдын алу шараларының орындалуы
бойынша» есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жәнібек аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының есебін тыңдап және талқылай отырып Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және зиянсыздығын қамтамасыз ету бағытта өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралары жалғастырылсын;
аудандық деңгейде вакциналармен басқарылатын инфекциялардың, жұқпалы аурулардың алдын алу, соның ішінде адам папилломасы вирусына қарсы егу мәселелері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге ақпараттарды тарату мен жариялау жұмыстары жалғастырылып, екпелердің маңыздылығы туралы баннерлер орналастырылсын.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов