20 наурыз 2025 жыл №31-1 шешім
Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар
бөлімі басшысының «Төтенше жағдайларды
алдын алу және оларды жою бойынша
жұмыстары туралы» есебі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының «Төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша жұмыстары туралы» есебін тыңдап және талқылай отырып, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің «Төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша жұмыстары туралы» есебі назарға алынсын.
- Жәнібек ауданында көктемгі су тасқынының алдын-алуға арналған дайындық және қауіпті учаскелерді бақылау, өрттің алдын-алу және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жөніндегі профилактикалық іс-шараларды, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге ақпараттарды тарату мен жариялау жұмыстары жалғастырылсын.
- Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары (М.Бисенов) төтенше жағдайларды алдын алу, дайындық жұмыстарының уақытылы жүргізілуін басты назарға алу және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің көрсетіп отырған проблемалық мәселелерін шешілуіне ықпал жасалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияна (Б.Куаналиев) жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов