Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2025 год по Жанибекскому району

2024  жылғы  26 желтоқсандағы                              № 30-15

 

Жәнібек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық әктілерді тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                           Т.Кадимов

 

Дата публикации
31 декабря 2024