2025-2027 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 575 514 мың теңге:
салықтық түсімдер – 879 277 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 539 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 6 676 698 мың теңге;
2) шығындар – 7 575 514 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 10 948 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 930 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 948 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –10 948 мың теңге:
қарыздар түсімі – 64 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 53 930 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2025 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13 желтоқсандағы №16-1 «2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13 желтоқсандағы №16-1 «2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі қатерге және басшылыққа алынсын.
4. Жергілікті бюджеттің 2025 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;
2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;
3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;
4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық бюджетіне – 100%;
5) әлеуметтік салық аудандық бюджетіне – 100%;
6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары аудандық бюджетіне – 0%;
5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер жалпы сомасы – 568 499 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 97 002 мың теңге;
мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 7 768 мың теңге;
санаторийлік-курорттық емдеуге – 2 740 мың теңге;
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын арттыруға – 3 306 мың теңге;
халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға – 188 720 мың теңге;
Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы кітапхана құрылысына 269 233 мың теңге.
6. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер жалпы сомасы – 64 878 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 64 878 мың теңге.
7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 741 375 мың теңге көлемінде ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 101 810 мың теңге;
кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 12 846 мың теңге;
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 33 495 мың теңге;
тұрғын үй сертификаттарын беруге – 2 000 мың теңге;
Жәнібек ауданы аудандық маңызы бар Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен, 92-128 (36) шақырым автожолын күрделі жөндеуге – 3 097 907 мың теңге;
Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы Оразбаев және Наурыз көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 654 165 мың теңге;
Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округінің Жасқайрат ауылы Тайманов көшесі, Жароков көшесі бойындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге – 283 699 мың теңге;
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылындағы кентішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 400 453 мың теңге;
Жәнібек ауданы, Жақсыбай-Сарыөзен каналын қайта жаңартуға – 200 000 мың теңге.
8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке қайтарылатын 132 138 мың теңге түсімдер ескерілсін:
бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 930 мың теңге;
бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар - 17 275 мың теңге;
бюджет заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару – 60 933 мың теңге.
9. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
10. Облыстық бюджеттен 2025 жылға аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 1 366 824 мың теңге болып белгіленсін.
11. 2025 жылға арналған аудандық бюджетке төмен тұрған бюджеттен бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.
12. 2025 жылы аудандық бюджеттен төмен тұрған бюджетіне берілетін субвенция көлемі 247 924 мың теңге болып белгіленсін.
13. 2025 жылы аудандық бюджеттен төмен тұрған бюджетіне берілетін ағымдағы трансферттердің көлемі 18 925 мың теңге болып белгіленсін.
14. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 20 009 мың теңге көлемінде бекітілсін.
15. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне қызметтің осы түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің мөлшерлемесімен салыстырғанда лауазымдық айлықақылар 25 %-ға көтеру көзделсін.
16. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағымамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көзделсін.
17. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов