Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-15 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-15 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
№139 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Кенханов Оралбек Асылбекович – «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы, №140 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Уалиева Назгуль Кабдрешевна - «Ауыл партиясы» Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы, №144 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Еслямова Гульзада Маханбетовна -«Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Артыгалиева Толкын Есляшовна – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы, №145 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Асанова Нұрлы Ергенқызы - «Ауыл партиясы» Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалы, №149 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Курмашева Альфия Темирбековна, Кушанова Бахитгуль Амангельдиевна - «Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Ислямов Айдарбек Ерболатұлы-Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Успанова Лариса Тулеуовна - «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы, №151 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Даулыбаева Риза Муратовна - «Қазақстан халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, №153 учаскелік сайлау комиссиясы құрамына Мухамбетжанов Марат Насибуллинович - «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы сайлансын.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов