2025 - 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті туралы

2025 - 2027  жылдарға арналған  
Жәнібек ауданы Тау ауылдық 
округінің бюджеті туралы

 


            
          Қазақстан  Республикасының 2008 жылғы  4 желтоқсандағы    Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
1. 2025-2027 жылдарға арналған  Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға  келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 36 786 мың теңге:
салықтық түсімдер – 4 566 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 90 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі –  32 130 мың теңге;
2) шығындар – 36 786 мың теңге;   
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 
0 теңге:
  қарыздар түсімі – 0 теңге;
  қарыздарды өтеу – 0 теңге; 
  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
   2. 2025 жылға арналған Жәнібек ауданы Тау ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2  «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
3. 2025 жылғы аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің мөлшері 32 130 мың теңге сомасында белгіленсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
5. Осы  шешім  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 


Мәслихат төрағасы                                 Т.Кадимов

 

Дата публикации
26 декабря 2024