2025 - 2027 жылдарға арналған
Жәнібек ауданы Талов ауылдық
округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 39 598 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 915 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 35 683 мың теңге;
2) шығындар – 39 598 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
2. 2025 жылға арналған Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-2 «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптасады.
3. 2025 жылғы аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің мөлшері 4 244 мың теңге сомасында белгіленсін.
4. 2025 жылға арналған Талов ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 31 439 мың теңге көлемінде ескерілсін.
5. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
6. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы Т.Кадимов