2025 - 2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті туралы

2025 - 2027  жылдарға арналған 

Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық

округінің бюджеті туралы

 

           Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 38 697 мың теңге:

         салықтық түсімдер – 3 148 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 42 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі –  35 507 мың теңге;

         2) шығындар – 38 697 мың теңге;  

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

         бюджеттік кредиттер – 0 теңге;    

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

         қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0 теңге:

          қарыздар түсімі – 0 теңге;

  қарыздарды өтеу – 0 теңге;

  бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2025 жылға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы   №29-2  «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»  шешіміне сәйкес қалыптасады.
  2. 2025 жылға арналған Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар түсімдерінің жалпы сомасы 31 709 мың теңге көлемінде ескерілсін.
  3. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.
  4. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы                                    Т.Кадимов

Дата публикации
26 декабря 2024