Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-14 «Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-14  «Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.   Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы №13-14  «Мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі аудандық Кеңесін құру туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Кеңес хатшысы болған Тастенова Райгуль Исатайқызының лауазымы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары болып болып өзгертілсін;

Утегенова Гулзада Ишангалиевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы болып енгізілсін;

Кеңес мүшелігіне Сәриев Руслан Әсетұлы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Молдагалиева Арайлым Кумаргалиевна - аудандық ауруханасы бас директорының орынбасары (келісім бойынша) енгізілсін;

Кеңес құрамынан басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Айтқалиев Ғибрат Талғатұлы, Қалибеков Ақжігіт Жәнібекұлы шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Мәслихат төрағасы                     Т.Кадимов

 

 

 

Дата публикации
26 декабря 2024