2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-4
Аудандық мәслихаттың 2025 жылдың
бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс
жоспары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қосымшаға сәйкес Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов
Жәнібек аудандық мәслхатының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-4
шешіміне қосымша
I тоқсан
- Төтенше жағдайлар бөлімінің «Төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша жұмыстары туралы» есебі.
- Жәнібек аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының «Аудандағы эпидемиологиялық жағдайды жою, алдын алу шараларының орындалуы бойынша» есебі.
II тоқсан
- Батыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясының Жәнібек ауданы бойынша 2024 жылға арналған бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі.
- 2024 жылға арналған Жәнібек аудандық және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.
- Борсы ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы.