2024 жылғы 23желтоқсандағы №29-1
Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 624 573 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 011 777 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 36 335 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 865 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 571 596 мың теңге;
2) шығындар – 8 358 838 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -788 634 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 788 634 мың теңге:
қарыздар түсімі – 585 835 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 960 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 және 3 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мәслихат төрағасы Т. Кадимов