Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-4 «Аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2024 жылғы 18 қарашадағы                                   № 28-10

 

Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-4 «Аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және аудан әкімдігінің 2024 жылғы 12 қарашадағы №175 қаулысына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қарашадағы №12-4 «Аудан әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

           аталған комиссия құрамынан Садирова Ляззат Айтқалиқызы, Ғазезов Айбек Талапұлы, Айтқалиев Ғибрат Талғатұлы шығарылып, комиссия мүшелігіне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ибатов Миранбек Нұрланұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Опиев Ерназар Серікұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушысы Тастенова Райгүл Исатайқызы енгізілсін.

  1. Осы шешім қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

             Мәслихат төрағасы                              Т.Кадимов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2024