2024 жылғы 4 қарашадағы №27-1
Жәнібек аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №14-2 «2024-2026жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 702 819 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 074 277 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 49 481 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 465 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 571 596 мың теңге;
2) шығындар – 8 437 084 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 54 369 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 101 530 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 47 161 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -788 634 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –788 634 мың теңге:
қарыздар түсімі – 585 835 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 47 161 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 960 мың теңге.»;
7 - тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 942 521 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 22 731 мың теңге;»;
үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 2 256 мың теңге;»;
төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға – 26 064 мың теңге;»;
тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Жәнібек ауданы Тау, Борсы, Жасқайрат ауылдарының су құбырын реконструкциялауға – 93 000 мың тенге;»;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Сессия төрағасы Б.Куаналиев